Бөдене орта мектебінің шежіресі

 

Бөдене селосында тұңғыш мектеп 1927 жылы ашылды. Оның орны алғашқыда «Ақсерке» деген жерде болды, кейін 1930 жылы село орталығына көшті. Мектеп құрылған кезде ол не бәрі бастауыш мектеп қана еді. Оның алғашқы директоры Лұқпанов Есқали, онан кейін Берекетов Мұхит болды. Мектептің алғашқы мұғалімдері Түрекенов Баймырза, Қуандықов Рақымғали, Оралбаев Төреғали, Кененова Ағила, Төлешев Дүйсенғали болды.


Алғашқыда мектептің тұрақты орны болған емес, алғашқыда тұрғын үйге, кейін мектепке орналасып, тек 1930 жылы тұрақты үйге көшті. 1933 жылы Бөдене бастауыш мектебінің жанынан интернат ашылды. Оның алғашқы  директоры Мұқамбетқалиев Ележан болды. Ол жылдарда мектеп мұғалімдері мен оқушыларына көптеген қиындықты жеңуге тура келді.


1937 жылы бастауыш мектеп 7 жылдық мектепке айналды.


1957 -58 жылдары 7 жылдық мектеп таратылып бастауыш мектеп құрылды, меңгерушісі Қабиева Рәш болды.


1940 жылы мектеп директоры кененова Ағила болды. Мектеп мұғалімдері жылдары Үйсенғалиев Мергенғали, Көміров Зияда, Ығылманов Нұржау, Құлманов т.б. болды.


1940-41 жылдары Жылой ауданынан балалар үйі көшіп келді. Директоры Жұмашев Қабдол болды.


1953 57 жылдары мектеп директоры болып Кененов Төлеу жұмыс жасады.


1958-59 жылдары мектеп директоры Қуандықов Рақымғали болды.


1975 жылы 7 жылдық мектеп орта мектеп болып құрылды.


1958-1991 жылдар аралығында мектеп директоры болып Мамаев Төлеш жұмыс жасады. 1983 жылы орта мектеп жаңа ғимаратқа көшті.


1991-92 жылдар аралығында мектеп директоры Есқазиева Мәриям болса, 1992-2002 жылдар аралығында мектеп директоры болып Тұрған Мақсот жұмыс жасады.


2002 жылдан бастап мектеп директоры болып Хихимов Орақ жұмыс жасап келеді.


2014-17 оқу жылдарында Жылкышиева  Тамара  бастап мектеп директоры болып  жасады.


2017-2018 оқу жылында Тугаев Нурпейс мектеп директорының міндетін атқарушы қызметін атқарып келеді.


Бөдене орта мектебі тарихында есімдері мақтанышпен атауға тұрарлық ұстаздар көп. Олардың қатарында Құрақов Нысанғали, Оразғалиева Ажар, Марқашбаева Үміт, Ишанғалиев Орынғали, Ермекқалиев Ғазиз, Сағызбаев Дүйсенғали, Тілекқабылова Зейнеп, Ақбалина Сағида, Қайтпасова Үміт, Ниязғалиева Айсана, Халова Айша, Дүйсенғалиева Ақиіс, Даулетова Сағида, Мусагалиев Әлден, Жалғасбай Кенжеғұл, Халин Тілек, Акимова Сәния, Азербаева Алмагүл, Мусалимова Сәуле, Сатанова Балжан, Сатаева Роза, Ермұханова Гүлшат, Еңсепова Гүлшат, Балахметова Қазима есімдерін атауға болды. Бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған бұл жандардың еңбегі мектеп тарихында елеулі орын алады. Кітапханашы қызметін мектеп өміріне белсенділікпен арнаған  Есмағамбетова Алмагүл мұғалім мен оқушының жадынан өшпек емес.


Республикалық «Айгөлектің достары» фестивалінің мақтау қағазы ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған


«Біз – тәуелсіздік құрдастарымыз» тақырыбындағы мерекелік шеру- III орын


«Біз – Махамбет мұрагерлеріміз» тақырыбындағы мектеп оқушыларының аудандық байқауының аспаптық (оркестр) жанр бөлімі – I орын


Шығармашылық көрме дайындаудан аудан бойынша – I орын


«Индер – Атырау қазынасы» ұлттық –этнографиялық көш керуен аудандық байқауы – III орын


Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты аудандық көркем өнерпаздар байқауы – III орын


Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Есірткіге жол жоқ!» атты республикалық акциясының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломы

 

Бөдене орта мектебінде 53 мұғалім қызмет етеді. Жалпы  білім беретін мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.

Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы төмендегідей:

 

Оқу жылы

Жалпы мұғалімдер саны

Жоғары санат

Бірінші санат

Екінші санат

Санаты жоқ

2015-2016

54

4

17

15

18

2016-2017

54

5

19

18

12

2017-2018

53

5

18

18

12

 

Қазіргі кезде білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында деңгейлік курстар, заман талабына сай Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын  жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламасы бойынша 7 бастауыш сынып мұғалімі, 5-11 сыныптар   аралығында сабақ беретін 19 мұғалім, орта білімдегі үш тілді оқыту аясында 5 мұғалім  (физика, химия, биология) пәндері бойынша және ІІ (негізгі) деңгей бойынша - 3, ІІІ (базалық) деңгей бойынша - 5 мұғалім  деңгейлік курстардан өтті.  

 

Мектебіміз бойынша мұғалімдердің қатынасу деңгейі:

Оқу жылы

Деңгейлік курс

Жаңартылған курс

Үштілділік

курс

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

 

 

2012-2013

 

1

2

 

 

2013-2014

 

1

3

 

 

2015-2016

 

 

 

8

 

2016-2017

 

1

 

14

2 мұғалім  А1-деңгей

2017-2018

 

 

 

4

1 мұғалім С1-деңгейі

2 мұғалім А2-деңгейі

 

Аудандық педагогикалық оқудың нәтижесінде биология пәні мұғалімі А.Аманова ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Халина ІІІ орын, география пәні мұғалімі А.Орынбасарова  ІІІ орын, мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Ү.Сағиева ІІ орын иеленді. Облыстық педагогикалық оқудан мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Ү.Сағиева «Алғыс хат» иеленді.


Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне мектебімізден 8-11 сынып аралығында 27 оқушы қатынасты. 13 оқушымыз жүлделі орындардан көріне білді. Олимпиада  көрсеткіші -48,1%.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, облыстық білім беру басқармасының, Индер аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, мектепте 2017-2018 оқу жылының оқу-тәрбие бағытында іс-шаралар,жас мамандармен коучингтер өткізілді. «Ұстаз шеберлігі-  ізденіс нәтижесі» тақырыбынды Г.Құрбанбаева, А.Тасимов, С.Халин шығармашылық есептері тыңдалып, мектепішілік іс-тәжірибесі таратылды.