Педагогтердің уақытша бос лауазымына тағайындау үшін конкурс .
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Бөдене орта мектебі» коммуналдық мелекеттік мекемесі, (060201 индексі), Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылы, М.Мөнкеұлы көшесі 1, анықтама үшін телефон нөмірі 8(71234)-26-3-11, электрондық мекен-жәйі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., педагогтардің уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі (негізгі педагог декреттік демалысқа кетуіне байланысты), 1 бірлік, 12 сағат апталық жүктеме ,еңбек ақысы 110 мың теңге.
Негізгі функционалдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне иновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделі мен икемділіктерін, олардың отбасылық,тұрмыстық жағдайларын зерделейді.
Компьютерлік сауаттылықты , ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті менгерген. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс.Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылгы 12 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттар:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысаан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог -зерттеушінің, педагог -шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ( біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.